Головкин мен Канелоның алғашқы жекпе-жегінде кездесу тең есеппен аяқталса, екіншісі мексикалық боксшының пайдасына шешілген еді.
ERNUR.KZ. Сауль Альвареспен өткен кездесуде Геннадий Головкинді жеңімпаз деп тану ұсынылды, деп хабарлайды Хабар24.
The Ring журналының сарапшысы Адам Абрамовиц мексикалық боксшының бірқатар жеңісін әділетсіз деп, судьялардың шешімін жоққа шығарып отыр. Өз кезегінде Адам Абрамовиц Канелоның Эрисланди Лара және Геннадий Головкинмен өткізген жекпе-жегіне тоқталған. Бұл кездесулердің бірде-біреуінде судьялар Альварестің қарсыластарын басым болды деп танымады. Жеңісті Лара мен Головкинге қайтару керек. Сол кезде бәрі басқаша болады деді сарапшы.
Атап өтейік, Головкин мен Канелоның алғашқы жекпе-жегінде кездесу тең есеппен аяқталса, екіншісі мексикалық боксшының пайдасына шешілген.