Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан чемпионатының 2020 жылдағы ең үздік қорғаушысы атанды

0
2 128

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, капитандардың дауыс беруінен кейін Ғафуржан үздік атанды.​


Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан чемпионатының 2020 жылдағы ең үздік қорғаушысы атанды

ERNUR.KZ. 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы болып алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев танылды, деп жазады vesti.kz.

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері һәм капитандардың дауыс беруінен кейін Ғафуржан үздік атанды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша үздіктер төмендегідей:

1. Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат») – 74 ұпай;

2. Нұралы Әліп («Қайрат») – 56 ұпай;

3. Сергей Малый («Тобыл») – 30 ұпай;

4. Раде Дугалич («Қайрат») – 21 ұпай;

5. Ілияс Әмірсеитов («Қайсар»)– 17 ұпай.