Ғалия Тынбаева тұңғыш рет Grand Slam додасының финалына шықты

0
416

Елорда төрінде өтіп жатқан бұл жарыста Париж Олимпиадасының соңғы лицензялары сарапқа салынып жатыр.


Ғалия Тынбаева тұңғыш рет Grand Slam додасының финалына шықты

ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Ғалия Тынбаева тұңғыш рет финалға шықты, деп жазады inform.kz.

Нақтырақ айтсақ, 48 келіде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Тынбаева ширек финалда осыдан бір апта бұрын Душанбеде өткен турнирдің күміс жүлдегері түркиялық Тугче Бедерден айласын асырып, жартылай финалға өткен болатын.

Ал жартылай финалда отандасымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ширин Буклимен белдесіп, қарсыласын қапы қалдырды. Осылайша, Тынбаева тұңғыш рет рет Grand Slam додасының финалына шықты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бүгін татамиге шыққан бұрымды балуандарымыздан Ғалия Тынбаевадан өзгесі жаппай ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Елорда төрінде өтіп жатқан бұл жарыста Париж Олимпиадасының соңғы лицензялары сарапқа салынып жатыр. Аталған додаға әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатысуда. Сынға түсіп жатқан балуандардың қатарында 3 Олимпиада, 13 әлем чемпионы бар.

Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді.

Атап айтқанда, І орын үшін 1 000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі.