Ғани Қайназаров Қазақстан футбол лигасының президенті болды

0
609

Бұдан бұрын Қазақстан футбол лигасының президенті қызметін атқарған Рафаэль Гарибян қызметінен кетті.


Ғани Қайназаров Қазақстан футбол лигасының президенті болды

ERNUR.KZ. Қазақстан футбол лигасы (QFL) президенті қызметіне Ғани Қайназаров келді, деп жазады inform.kz.

Бұл шешім Лигаға мүше клубтар өкілдерінің кезектен тыс отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі Ғ.Қайназаровтың кандидатурасын мақұлдады.

Қазақстандық жанкүйерлер Ғани Қайназаровтың есімін жақсы біледі. Футбол маманы мансабында әр уақытта «Қайрат» пен «Тараз» клубтарында ойын көрсетіп, ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады. 1996 жылы «Тараз» сапында ел чемпионы атанды.

Футболшы мансабын аяқтаған соң, «Таразда» президент, «Астанада» спорт директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясында құрама командалар департаментінің директоры болды. Биыл QFL вице-президенті ретінде тағайындалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан футбол лигасының президенті қызметін атқарған Рафаэль Гарибян қызметінен кетті.

Ол Қазақстан футбол лигасы президенті қызметін 2023 жылдың 2 мамырынан бастап атқарды.