Екі боксшы Лас-Вегаста екі рет жұдырық түйістірген.
ERNUR.KZ. "Канело" Сауль Альварес Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты тағы да пікірін білдірді, деп жазады Stan.kz.
"Мен бұл туралы жекпе-жек алдында айтқанмын, тағы да қайталаймын: қазір мен үшін Головкинмен жекпе-жектің еш мәні жоқ. Біз екі рет күш сынастық, 24 раунд өткіздік. Мен оны жеңдім, сондықтан ол енді мен үшін қарсылас емес. Бірақ Головкин - жақсы бизнес көзі. Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз", - дейді Альварес Boxingnews24 басылымына берген сұхбатында.
Атағы айды білеген екі боксшы Лас-Вегаста екі рет жұдырық түйістірген. 2017 жылдың қыркүйек айында өткен олардың алғашқы жекпе-жегі тең болса, бір жылдан кейінгі кездесуде мексикандық боксшы басым түскен еді.
Айта кетейік, Альварес қыркүйек айында GGG-мен жекпе-жекке қарсы екен айтқан. Оның орнына 2 қараша күні Лас-Вегаста төртінші салмақ категориясын бағындыруға тырысады - WBO чемпионы ресейлік жартылай тартыс Сергей Ковалевпен жұдырықтасады.