Оның қарсыласы жмексикалық боксшы Хайме Мунгия болады деп күтілуде.
ERNUR.KZ. Кәсіпқой бокстан IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) келесі жекпе-жегін 2021 жылдың мамыр айында өткізеді, деп жазады baq.kz.
Оның қарсыласы жас мексикалық боксшы, бірінші орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) болады деп күтілуде.
Головкин 19 желтоқсанда АҚШ-та польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңген еді. Поляк кездесу барысында төрт рет нокдаун алып, 8-раундта рингке шығудан бас тартты.
24 жастағы Мунгия соңғы рет шаршы алаңға қазан айында шыққан. Ол 6-раундта Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсоннан (21-3-1, 15 KO) басым түскен.