Екі боксшы арасындағы кездесу бойынша келіссөздер жүріп жатқаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Тengrinews.kz.
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя екі боксшы арасындағы кездесу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын растады.
Промоутердің айтуынша, жекпе-жек 5 мамырға белгіленіп отыр.
"Головкин - Мунгия жекпе-жегі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл барлығына қызық болатын кездесу. "Синко де Майо. (...)", - деді промоутер.
Еске салайық, қазақстандық Геннадий Головкиннің Камил Шереметамен жекпе-жегі 18 желтоқсанда Флорида штатында өткен еді. Головкин 21-ші рет титулдарын қорғап қалған болатын.