Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды

0
75

Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы орта салмақтағы ең табысты мансаптардың бірі болды.


Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды

фото: gggboxin

ERNUR.KZ. Геннадий Головкин ресми түрде халықаралық бокс даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді, деп жазады tengrinews.kz.

Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды.

Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы орта салмақтағы ең табысты мансаптардың бірі болды. Ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Көп жыл бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.

Кәсіпқой боксқа өткен соң Геннадий Головкин аты дүркіреген чемпиондардың біріне айналды. Кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін де иеленді.

"Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар қатарында ресми түрде аталады. Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген", - деп жазылған хабарламада.