​Головкин IBF белбеуін сақтап қалу үшін 20 мың доллар берген

0
1 153

Головкин осы жағдайды дұрыстау үшін 20 мың доллар берген, яғни бұл қаражат қазақстандық боксшының титулды сақтап қалуы үшін берген.


​Головкин IBF белбеуін сақтап қалу үшін 20 мың доллар берген

Геннадий Головкин мен Абель Санчес. © instagram/gggboxing

Бокс ұйымымен келісім бойынша, Головкиннің келесі қарсыласы міндетті түрде украиналық Деревянченко болуы тиіс.

Бірнеше күн бұрын Бүкіләлемдік бокс федерациясы (IBF) Геннадий Головкиннің командасына ресми хат жіберген, онда былай делінген: Қазақстандық боксшы Ванес Мартиросянмен өтетін кездесуден кейін, ұйымның белбеуіне міндетті қарсылас Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізу туралы келісімге келуі тиіс және 3 тамызға дейін украиналық боксшымен жазбаша келісім жасалуы керектігі айтылған. Егер GGG бұл хатты елемейтін болса, оның белбеуі автоматты түрде вакантты болады.

Vesti.kz порталының мәліметінше, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) IBF ұйымынан белбеуді қорғауды кейінге шегеру туралы рұқсат алған.

Головкин осы жағдайды дұрыстау үшін 20 мың доллар берген, яғни бұл қаражат қазақстандық боксшының титулды сақтап қалуы үшін берген.

Бокс ұйымымен келісім бойынша, Головкиннің келесі қарсыласы міндетті түрде украиналық Деревянченко болуы тиіс.

Еске салайық, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде Мартиросян жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған Сауль "Канело" Альварестің орнына басады.