Головкин Камил Шереметамен жекпе-жекке шығатын болды

0
1 122

Айқас келесі жылдың ақпан айының аяғында немесе наурызда өтуі мүмкін.


Головкин Камил Шереметамен жекпе-жекке шығатын болды

ERNUR.KZ. IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді, деп жазады aikyn.kz.

ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, екі боксшы жекпе-жек өткізу туралы өзара келісімге келген.

Айқас келесі жылдың ақпан айының аяғында немесе наурызда өтуі мүмкін.

Аталмыш кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.