​Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі Мексикада өтетін болды

0
1 314

Бұған дейін мексикалық боксшының промоутерлері GGG-мен жекпе-жектің мамыр айында болмайтынын айтқан болатын.


​Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі Мексикада өтетін болды

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек бекітілді. Екі боксшының жұдырықтасуы 2019 жылы Мексикада өтеді деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы Azteca Deportes басылымының тілшісі Карлос Агилар мәлімдеді. Ол "Головкин-Канело" жекпе-жегі жайлы мәселе өз шешімін тапқанын айтты.

"Бекітілді! Сауль Альварес пен Геннадий Головкин үшінші жекпе-жегін 2019 жылы Мескикада өткізетін болады. Алайда, кездесудің нақты уақыты әлі айтылмай жатыр" , - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.

Бұған дейін мексикалық боксшының промоутерлері GGG-мен жекпе-жектің мамыр айында болмайтынын айтқан болатын. Ал, Канелоның өзі жылына екі мәрте жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын ашық түрде білдірді.

Ол рингке мамыр және қыркүйек айында шықпақ.

Осылайша, оның айтып отырған күздегі екінші жекпе-жегі қазақстандық спортшымен өтпек.