Жекпе-жек алдында Димаш Құдайберген еліміздің әнұранын шырқады.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі басталды, деп жазады sputnik.kz.
Жекпе-жек алдында Димаш Құдайберген еліміздің әнұранын шырқады.
GGG осы жекпе-жек үшін екінші орта салмаққа (76,2 келіге дейін) көтеріліп отыр. Бұған дейін Головкин орта салмақта ғана (72 келі) өнер көрсеткен. Бүгінгі жекпе-жекте төрт титул - WBC, WBA, WBO мен IBF белбеулері сарапқа салынады. Төртеуі де Канелода.
Бұған дейін боксшылар екі рет кездескен болатын. Бірінші жекпе-жекте тең түссе, екінші жекпе-жекте Канело төрешілер шешімімен жеңіске жетті.