Орта салмақта үш белбеу сарапқа салынған бұл айқас Жапонияның Сайтама қаласында өткен болатын.
ERNUR.KZ. Жапониялық боксшы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жекпе-жектен кейін алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта үш белбеу сарапқа салынған бұл айқас Жапонияның Сайтама қаласында өткен болатын. Головкин Муратаны тоғызыншы раундта нокаутпен жеңді.
"Мен демалып, кетуім туралы ойланамын. Барып тынығып алғаннан басқа ештеңеге шамам келмеді. Рингтен қауіпсіз кететінімді ойласам, жеңілдеп қаламын.
"Рингке шыққанда мен жалғызбын, бірақ, мені оған дейін қолдайтын адамдар көп: бапкерлер, залдағы адамдар және менің отбасым. Бәріне алғыс білдіремін. Әлі де әлем чемпионы боламын", - деп береді Муратаның сөзін Yahoo! Sports Japan.