Келесі жылдың мамыр айына Головкин мен Крис Юбенк арасындағы кездесу жоспарланып қойды.
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) 2022 жылы алғашқы кездесуін британдық боксшы кіші Крис Юбенкке (31-2, 23 КО) қарсы өткізеді. Бұл туралы Boxing Kingdom хабарлады.
"Келесі жылдың мамыр айына Головкин мен Крис Юбенк арасындағы кездесу жоспарланып қойды. Бұл айқас "Уэмбли" стадионында өтеді. Дегенмен бұл кездесу өту үшін екі боксшы да алғады жекпе-жектерінде жеңіске жету керек", - деп жазды дереккөз.
May is being targeted for Golovkin vs Eubank Jr at Wembley Stadium. Provided both Eubank & Golovkin win their next bouts.
— Boxing Kingdom (@BoxingKingdom14) November 19, 2021
Айта кетейік, Юбенк келесі кездесуін 11 желтоқсан күні Кардифф қаласында өткізеді. Бірақ оның қарсыласы кім болатынын белгісіз. Негізі қарсыласы Лиам Уильямс болуы керек еді. Бірақ бүгін бұл боксшының жарақат алғаны анықталды.
Ал Головкин болса 29 желтоқсан күні Токиода Риота Муратамен (16-2, 13 КО) қолғап түйістіреді.