Геннадийдің басқа жоспарлары бар.
ERNUR.KZ. Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкстің айтуынша, қазақстандық боксшы 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейді, деп жазды Prosports.kz.
"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы шайқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар. Содан кейін ғана біз "Канеломен" шайқасқа дайын боламыз. Бұрын біз Альварестің командасына жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді жеткізген едік, бірақ олар бас тартты. Енді "Канело" Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін айтады. Бірақ Геннадийдің басқа жоспарлары бар. Егер оларға бұл жекпе-жек қатты қажет болса, кейінірек өтеді. Біз мұны бірге жасауымыз керек", - деді Бэнкс.
Айта кетсек, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізуі керек. Жоспар бойынша маусым айында Головкин Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс еді.