Головкиннің Мунгияға қарсы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

0
2 637

Жекпе-жек Техас штатында өтуі мүмкін.


Головкиннің Мунгияға қарсы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF белбеуін орта салмақта жеңілмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы қорғайтын болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөздің хабарлауынша, жекпе-жек 7-мамыр күні Техас (АҚШ) штатында өтеді. Бұл кездесу туралы екі боксшының командасы бірнеше аптадан бері келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Мунгия - бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Головкиннің салмағында екі кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанды кейін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды жеңген.

Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы Деметриус Андрадемен кездесе алмайды. Себебі, америкалық боксшы алдағы уақытта міндетті қарсыласы Лиам Уильямсқа қарсы кездесу өткізеді.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін желтоқсан айында АҚШ жерінде өткізіп, польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңді. Осы кездесуде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап, рекорд орнатты.