Иран құрамасы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысады – ФИФА басшысы

0
125

Мұндай жаңалықты ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлімдеді.


Иран құрамасы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысады – ФИФА басшысы

Фото: sport5.by

ERNUR.KZ. Оның айтуынша, ирандық команда турнирге міндетті түрде келеді, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, Иран футбол құрамасы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысатын болды.

– Олар өз халқын таныстырады. Іріктеуден өтті. Футболшылар ойнағысы келеді, – деді Инфантино.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында Канада, Мексика және АҚШ аумағында өтеді. Жоспар бойынша Иран құрамасы топтық кезеңде Лос-Анджелесте Жаңа Зеландия және Бельгия құрамаларына қарсы, ал Сиэтлде Мысыр командасымен кездесуі тиіс.

Десе де, осыған дейін Иранның турнирге қатысу-қатыспауы ұзақ уақыт бойы талқыланып келді.

Ақпан айының соңында елдегі билік әлем чемпионатын бойкот деп жариялауды ұсынған, себебі жарыстың бір бөлігі АҚШ-та өтеді. Бірақ, ФИФА бұл талапты қабылдамады.

Кейінірек Иран тарапы турнирге қатысу туралы шешімді елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдайтынын хабарлаған.

Инфантино оған дейін жағдай тұрақталады деп сенеді.

"Әрине, сол уақытқа дейін ахуал тынышталады деп сенеміз" деді ол.