Жекелей сында Ақтау теннис мектебінің түлегі Даниал Рахматуллаев жеңісті жұлып алды.
Тегеранда (Иран) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында бірінші санаттағы ITF Juniors сериясындағы беделді турнир өз мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары жекелей және жұптық сында өз бақтарын сынады, деп жазады Zakon.kz.
Жекелей сында Ақтау теннис мектебінің түлегі Даниал Рахматуллаев жеңісті жұлып алды. Соңғы матчта ол жарыстың алғашқы ракеткасы - ресейлік Дмитрий Бурцевті 6:3, 6:3 есебімен ұтып, сенсация жасады. Жартылай финалда Даниал отандасы Әмір Омархановтан мықтырақ болып шықты (5:7, 6:3, 7:5).
Жұптық сында Әмір Омарханов болгар теннисшісі Иван Найденовпен бірге чемпион атанды.