Савио алматылық клубпен биыл келісімшартқа отырған болатын.
ERNUR.KZ. Футзалдан Румыния құрамасының бапкерлер алқасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тізімде «Қайрат» шабуылшысы Савио Валадарес те бар. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаттығу жиыны 5 - 10 желтоқсан аралығында өтеді. Оқу-жаттығу жиыны аясында 8 және 9 желтоқсанда Марокко құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі топтық кезең форматында өтеді. Қатысушылар төрттен сегіз топқа бөлінді, олар бір-бірімен үйде және сырт алаңда кездеседі. Ойындар 2020 жылдың 8 желтоқсанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін өтеді.
Румыния құрамасы Сербия, Босния және Герцеговина, Солтүстік Македония құрамаларымен бірге 4-топта өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Савио алматылық клубпен биыл келісімшартқа отырған болатын.