"Қайсарды" келесі маусымда кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

0
1 079

Өткен маусымда "Қайсар" 24 ұпай жинап, кестеде жетінші орынға тұрақтады. "Қайрат" 45 ұпаймен ел чемпионы атанды.


ERNUR.KZ. Қазақстандық маман Ерлан Шойтымов "Қайсардың" жаңа бас бапкері болады, деп жазады kaz.vesti.kz.

Жаңа маусымда "Қайсар" клубына облыс тарапынан 1,5 миллиард теңге бөлінеді, сондықтан олар команданы жергілікті ойыншылармен жасақтауға ниетті, ал бас бапкер лауазымы 40 жастағы Шойтымовқа сеніп тапсырылатын болады.

Қызылорданың басшылығы үш жаттықтырушының кандидатурасын қарастырды - тәжірибелі Сұлтан Әбілдаев, жас Шойтымов және алдыңғы тәлімгер Стойхо Младеновке көмектескен Қанат Шерімбетов. Бірақ алғашқы екеуінде ғана Pro лицензиясы бар екен. Әбілдаев бұған дейін біраз мүмкіндікке ие болды, сондықтан шешім Шойтымовтың пайдасына қабылданды.

Өткен маусымда "Қайсар" 24 ұпай жинап, кестеде жетінші орынға тұрақтады. "Қайрат" 45 ұпаймен ел чемпионы атанды.