"Канело" - Головкин айқасының төрешілері ресми бекітілді

0
442

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.


ERNUR.KZ. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді, деп жазады vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.

Рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы келесідей: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома).

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында қазылық еткен. Біріншісінде ол 115-113 есебін қазақстандық жеңген деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды.

Вайсфельд те Головкин мен "Канелоның" екінші айқасында қазылық еткен. Жеңісті ол мексикалыққа берген болатын - 115-113.