"Канело" Головкинмен не үшін жұдырықтасатынын айтты

0
515

"Канело" мен Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жек 7 мамырда өтеді. Мексикалық былғары қолғап шебері жеңіске жеткен жағдайда биылғы жылдың қыркүйек айында Головкинмен үшінші рет қолғап түйістіреді.


ERNUR.KZ. Суперорта салмақта әлемнің аболсют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) алдағы жекпе-жектерінің маңыздылығы туралы айтты, деп жазады vesti.kz.

- Биволмен айқас мұраңыз үшін қандай маңызға ие?

- Бұл жекпе-жек мұрам үшін өте маңызды. Бивол - 79,4 келіде белгілі чемпион. Басымда бір ой бар - жартылай ауыр дивизионда абсолют чемпион атану. Неге болмасқа?

- Головкинмен айқас - жанкүйерлердің қалауы дегенсіз. Демек сіз өз қалауыңызбен ғана емес, жанкүйерлер көргісі келетін жекпе-жектер де ұйымдастырасыз ба?

- Әрдайым адамдар көргісі келетін айқастарға шығамын. Иә, бұл маңызды. Бокста сол үшін жүрміз. Сен адамдар үшін жұдырықтасасың, сондықтан, адамдар белгілі бір жекпе-жекті тамашалағысы келсе - бұл маңызды, деген боксшы.