Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады

0
654

Боксшылар аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын.


Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады

ERNUR.KZ. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізбек, деп жазады Tengrinews.kz.

"Канело" әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жектен кейін сауық кеші болатынын жариялады.

"17 қыркүйекте Канелоның Fight After Party ресми кешінде Zouk Night club-та өтетін тағы бір ұмытылмас түнге дайын болыңыз", - делінген оның Instagram-парақшасындағы жазбада.

Еске салайық, боксшылар бұл аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тепе-тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

Бұған дейін Головкин әлеуметтік желіде мексикалық боксшымен үшінші жекпе-жекке қатысты жазба жариялаған болатын.