Қарсыласын 43 секундта құлатқан қазақ боксшы WBA титулы үшін айқасады

0
288

Балауса 25 шілде Таиланд астанасы Бангкоктағы бокс кешінде өте жеңіл салмақта WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады.


Қарсыласын 43 секундта құлатқан қазақ боксшы WBA титулы үшін айқасады

ERNUR.KZ. Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады vesti.kz.

Балауса 25 шілде Таиланд астанасы Бангкоктағы бокс кешінде өте жеңіл салмақта WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады. Қарсылас есімі әзірге белгісіз.



Балауса кейінгі рет 1 шілде Алматыда жұдырықтасып, 43 секундта үндістандық Моника Сингхті нокаутқа түсірген еді. Осы жеңіс арқасында ол BoxRec рейтингінде 115-тен 95-орынға көтерілді.