Оның қарсыласы да бұрын кәсіпқой рингте өнер көрсеткен.
ERNUR.KZ. Амеркиалық Альберт Хьюз осы заман тарихындағы ресми түрде ең қарт боксшы ретінде Гиннес рекордтар кітабына атын қалдырды, деп жазады kaz.vesti.kz.
14 желтоқсанда 70 жастағы Хьюз 43 жастағы Треймейн Таунспен жекпе-жекке шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
Мұның алдында ең қарт боксшы британиялық Стив Уорд болған, түрлі дерек бойынша соңғы жекпе-жегін ол 59 немесе 60 жасында өткізген.
Айта кетейік, жекпе-жек Хьюздің өзіне қол жұмсаған марқұм ұылының құрметіне өткізілді. Ал жиналған қаржы толықтай өзіне қол жұмсаудың алдын алуға бағытталады.
Осылайша, Хьюз рекорды 22 жекпе-жек, 11 жеңіс, төрт рет тең түсіп, жетеуінде жеңілген. Таунс болса жеті жекпе-жегінің бәрінде жеңілді.