«Каспий» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

0
289

Нұржан Жармедетұлы 1983 жылы 9 наурызда дүниеге келген.


«Каспий» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. Маңғыстаулық «Каспий» футбол клубының басшысы ауысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты ұжымды енді Нұржан Жалғасбаев басқарады, деп жазады inform.kz.

Нұржан Жармедетұлы 1983 жылы 9 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Қазақ иновациялық-гуманитарлық Заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.

- 2004-2011 жылдары ҚР Ішкі істер органдарында және әскери қарулы күштерінде қызмет атқарған;

- 2011-2015 жылдар аралығында «Қазақстан спорттық технологиясы» ЖШС-де бас менеджер;

- 2015 жылы ««Қайсар» кәсіби футбол клубы» бас директоры;

- 2013-2014 жылдар аралығында «Бипэк Лизинг» ЖШС-нің коммерциялық директоры қызметін атқарды;

- 2016-2017 жылдар аралығында «ТЭК – Казахстан» ЖШС-де директор;

- 2018-2020 жылдар аралығында «Алатау Плаза» ЖШС-нің директоры;

- 2021-2023 жылдар аралығында «Боксинг Лига» ЖШС-нің атқарушы директоры;

- 2023 жылдан қазірге дейін «Каспий» футбол клубы басшысының уақытша міндетін атқарушы қызметінде болды.

«Каспий» ФК қазіргі уақытта елімізідң 1 лигасында өнер көрсетеді. Өткен Қазақстан Премьер лигасында соңғы орындардың біріне тұрақтап, чемпионаттан шығып қалған болатын.