Қазақ боксшының халықаралық турнирдегі жекпе-жегі нокаутпен бітті

0
362

Бүгін басталған турнир 18 мамырда аяқталады.


Қазақ боксшының халықаралық турнирдегі жекпе-жегі нокаутпен бітті

ERNUR.KZ. Қазастандық боксшы "Елорда кубогі" халықаралық турнирде әдемі нокаут жасады, деп жазады Vesti.kz.

67 келіде өнер көрсететін Нұрбек Мұрсал үшінші раундта тәжікстандық қарсыласы Чонмухаммад Шеровты нокаутқа түсірді. Ал оған дейін екінші раундта қазақ боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген еді.

Бүгін басталған турнир 18 мамырда аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшылары қатысып жатқанын айта кетейік.