Қазақ қызына Азия чемпионатында қарсылас табылмады

0
647

Елдана 81 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шығуы керек болған.


Қазақ қызына Азия чемпионатында қарсылас табылмады

ERNUR.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Елдана Тәліпова Бангкокта басталған 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынамайтын болды, деп жазады vesti.kz.

Елдана 81 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шығуы керек болған. Алайда бұл салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға бірде-бір спортшы келмепті. Нәтижесінде ұйымдастырушылар бұл салмақ дәрежесін жарыстан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Кей желі қолданушылары боксшы қыздың кінәлі емес екенін алға тартып, оған алтын медаль беру жайлы да жазып жатыр.

Елданадан өзге Азия чемпионатына 11 боксшымыз қатысады. Олар: Әнел Құдайберген (48 келі), Мөлдір Тойкова (50), Жансая Рахымберды (52), Анель Сақыш (54), Виктория Графеева (57), Шахназ Исаева (60), Назерке Серік (63), Ақнар Ишанова (66), Жасмин Қизатова (70), Дана Дидай (75), Гүлсая Ержан (81).