Қазақстан Андорраны жеңе алмады

0
1 212

6 - минутта жерлестеріміз алаңда 10 футболшы болып қалды. Серікжан Мұжықов екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.


Қазақстан Андорраны жеңе алмады

Футболдан Ұлттар лигасының 2 - тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғашқы турда Астанада Грузияға 0:2 есебімен жеңілген Қазақстан футболшылары бұл жолы Андоррамен сырт алаңда кездесті. Ойында отандастарымыздың жеңіске жетуіне көпшілік сенім артқан болатын. Алғашқы минуттардан бастап Станомир Стойловтың шəкірттері жылдам шабуылдар ұйымдастырды. Ал, алаң қожайындары қарымта шабуылмен Ненад Эричтің қақпасын нысанаға алу əрекетінде болды. Бірінші таймда есеп ашылмады - 0:0.
68 - минутта Бауыржан Исламханның пасынан соң Юрий Логивенко гол авторы атанып, есепті ашты.
76 - минутта жерлестеріміз алаңда 10 футболшы болып қалды. Серікжан Мұжықов екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл андорралықтардың таразы басын теңестіруіне септігін тигізді. 86 - минутта Жорди Алаез командасына ұпай сыйлады - 1:1.
Осылайша Станомир Стойляовтың шəкірттері құрамы жартылай əуесқой футболшыларға ие болған Андорраны жеңе алмады.