Қазақстан атынан қысқы Олимпиадаға 36 спортшы қатысады

0
88

бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.


Қазақстан атынан қысқы Олимпиадаға 36 спортшы қатысады

Фото:Getty Images

ERNUR.KZ. 2-22 ақпан аралығында Милан қаласында қысқы Олимпиада ойындары өтеді, деп жазады stan.kz.

Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 36 спортшы ел намысын қорғайды.

Фристайл-могул:
Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.

Фристайл-акробатика:
Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.

Биатлон:
2 ер, 2 әйел спортшы (спортшылардың есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінің шешімінен кейін анықталады).

Тау шаңғысы:
Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.

Шаңғы қоссайысы:
Шыңғыс Ракпаров.

Шаңғы жарысы:
Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.

Шаңғымен тұғырдан секіру:
Данил Васильев, Илья Мизерных.

Конькимен жүгіру:
Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-трек:
Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанау:
Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін. Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.

Бұған дейін 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстаннан 34 спортшы аттанып, барлығы да жүлдесіз қайтқан еді.