Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

0
88

Аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.


Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Сурет: International judo federation

ERNUR.KZ. Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында жүлдеге қол жеткізді, деп жазады zakon.kz.

Аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін), Архат Өтеген (90 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (78 келіден жоғары), Әлішер Слямжанова (90 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін), Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.