Қазақстан ФИФА рейтингінде көтерілді

0
111

Құрама Кения ұлттық футбол құрамасы мен Танзания ұлттық футбол құрамасы командаларын артта қалдырды.


Қазақстан ФИФА рейтингінде көтерілді

Фото:ҚФФ

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 1182,96 ұпаймен 112-орынға көтерілді, деп жазады stan.kz.

Бұл жетістік Астанада өткен FIFA Series турниріндегі сәтті ойындардың нәтижесі болмақ.

Ұлттық құрама турнир барысында екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы матчта Намибия футбол құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, кейін Комор аралдарын 1:0 есебімен ұтты.

Осы жеңістер Қазақстанға рейтинг қоржынына 5,15 ұпай қосуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде құрама Кения ұлттық футбол құрамасы мен Танзания ұлттық футбол құрамасы командаларын артта қалдырды.