Қазақстан каратэшілері Ыстамбұлдағы Премьер-лиганы екі алтынмен аяқтады

0
147

Финалдық жекпе-жектерде Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.


Қазақстан каратэшілері Ыстамбұлдағы Премьер-лиганы екі алтынмен аяқтады

ERNUR.KZ. Түркияның Ыстамбұл қаласында WKF каратэден Премьер-лига санатындағы 2026 жылғы алғашқы турнир өз мәресіне жетті, деп жазады baq.kz.

Финалдық жекпе-жектерде Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Кумите бағдарламасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Балл Самашева словениялық Нина Квасникованы 2:1 есебімен жеңді. Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындардың чемпионы Софья Берульцева (+68 кг) финалда Непал өкілі Арика Гурунгтан айқын басым түсті.

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы Ыстамбұлдағы Премьер-лига турнирін екі алтын медальмен аяқтап, жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Жалпы командалық есеп:

  • Египет – 2 алтын, 3 күміс, 1 қола
  • Түркия – 2 алтын, 2 күміс
  • Қазақстан – 2 алтын
  • Жапония – 1 алтын, 2 күміс, 6 қола

Айта кетейік, WKF Премьер-лига турнирлеріне әлемдік рейтингтің ТОП-32 қатарына енген спортшылар ғана қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан атынан 13 спортшы барған.