Қазақстан командасы бұл додадан бас тартты.
ERNUR.KZ. 10-13 маусым аралығында Барселонада әртістік жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасы қатыспайды деп жазады Olympic.kz.
Барселонадағы бәсекеде Токио Олимпиадасына үш жолдама ойнатылады. Алайда, Қазақстан командасы бұл додадан бас тартты.
Айта кетелік, әртістік жүзуден Қазақстан командасының еншісінде Токио Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Александра және Екатерина Немичтер әлем чемпионатының қорытындысы бойынша лицензияға иелік еткен болатын.
Қазіргі таңда олар Нұр-Сұлтан қаласында жаттығып жатыр.