Астанада таеквондодан Altaic Cup турнирі басталды.
Фото: prosports.kz
ERNUR.KZ. Астанада таеквондодан халықаралық Altaic Cup турнирі басталды. Жарысқа бірқатар елдің спортшылары қатысуда, деп жазады inbusiness.kz.
Бәсекенің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 18 медаль еншіледі.
Алтын жүлдегерлер қатарында Самирхон Абабакиров (63 кг дейін), Бейбарыс Қаблан (87 кг-нан жоғары), Айша Әділбекқызы (62 кг дейін) және Назым Махмұтова (73 кг дейін) бар.
Күміс медаль иегерлері: Тамирлан Тілеулес (58 кг), Мақсат Орынбасар (74 кг), Айдана Құмартаева (46 кг), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Нодира Ахмедова (53 кг) және Аяулым Асқар (67 кг).
Қола жүлдені Баходир Шапулатов (54 кг), Мерген Ғаниев (80 кг), Бауыржан Хасенов (87 кг-нан жоғары), Нұрайым Жұмабек (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Аружан Найманбаева (67 кг), Нұрлы Кеңесбек (73 кг) және Ақсәуле Ерқасымова (73 кг-нан жоғары) иеленді.
Айта кетейік, 23 маусым күні жастар құрамалары арасындағы жарыстар жалғасады.


