​Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогын үздік үштікте аяқтады

0
98

Жарыс Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өтті.


​Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогын үздік үштікте аяқтады

Фото: ҰОК

ERNUR.KZ. World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен әлем кубогының бірінші кезеңін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орын алғаны белгілі болды, деп жазады inform.kz.

Жарыс Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өтті.

Қазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады. Беделді бәсекеде Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары), Виктория Графеева (60 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Ал Аида Әбікеева (65 келі) күміс медаль алса, Алуа Балқыбекова (51 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Диас Молжігітов (80 келі) қола жүлдегер болды.
Әлем кубогында 7 медаль алған отандастарымыз жалпы командалық есепте үздік үштікті түйіндеді. Көш басында 9 (5 алтын, 4 күміс) Бразилия тұрса, одан кейінгі орынға Қытай (4-0-1) құрамасы жайғасқан.
Сондай-ақ одан кейінгі орындарда Әзербайжан (3-0-1), Польша (2-0-3), Өзбекстан (2-0-1), Норвегия (1-1-1), Венесуэла (1-0-0), Испания (0-2-2), Мажарстан (0-2-0), АҚШ (0-1-2), Франция (1-0-2), Аустралия (0-1-1), Жапония (0-1-1), Марокко (0-1-1) келеді.
Ал Сербия, Хорватия, Армения бір күміс алса, Канада — 3, Англия, Аргентина, Италия, Түркия — 2, Аустрия, Германия, Болгария, Қырғызстан, Молдова, Тайпей, Бельгия бір қола олжалады.
Әлем кубогына биыл 50 елден 400-ден астам боксшы қатысып, рекордтық көрсеткішке жетті.