Енді ұлттық құрама 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы матч өткізеді.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Лихтенштейн командасын қабылдады, деп жазады Stan.kz
Ұлттық құрама футболшылары ойынды өте қарқынды түрде бастады. Бірінші таймның 25 минутында алғашқы болып есепті Кенжебек Ғалым ашты. Кейін арадан 2 минут өткен соң Бақтияр Зайнутдинов есеп санын ұлғайтып, гол соқты. Айта кетейік, бұл Зайнутдиновтың ұлттық құрама сапында соққан 14 голы. Осылайша ол голдар саны бойынша өз рекордын жаңартты.
Ал екінші таймның басында Ғалымжан Кенжебек қарсыластың қақпасынан кезекті мәрте саңылау тауып, дубль авторы атанды.
Ойын барысында Максим Самродовтың бұрыштамадан көтерген добын Әлібек Қасым қақпаға дәл көздеп, голды өз пайдасына жазды.
Қорытынды есеп бойынша 4:0 есебімен Қазақстан ұлттық құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Енді ұлттық құрама 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы матч өткізеді.