Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

0
417

Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар.


Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

ERNUR.KZ. Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады, деп жазады zakon.kz.

Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген қытайлық Тайпей командасы тұр. Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді.

Құрлық додсында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншілеген.

Қазақстан құрамасы

  • ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова);
  • жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина);
  • ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров);
  • жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина):
  • андерлер арасындағы жекелей сыннан (Николя Винокуров)
  • және андер қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды.