Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубқа ауысады

0
327

Рамазан Оразов "Ақтөбеге" дейін Словенияның "Копер" командасында ойнап келген еді.


Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубқа ауысады

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов мансабын Данияның "Орхус" командасында жалғастырады, деп жазады vesti.kz.

"Ақтөбе" командасы ойыншыны сатқаны туралы бүгін хабарлайды деп күтілуде. Осыған дейін Оразовқа "Орхустың" қызығушылық танытқаны белгілі болған еді. Екі команда арасындағы келіссөз сәтті аяқталған.

Рамазан Оразов "Ақтөбеге" дейін Словенияның "Копер" командасында ойнап келген еді.