Қазақстан спортшылары каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионы атанды

0
701

Екінші орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді.


Қазақстан спортшылары каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық олимпаиада комитетінің хабарлауынша, екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы жеңімпаз атанды. Уақыт көрсеткіші - 01:57.203.

Екінші орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.