Негізгі уақыт тең аяқталды.
Фото: World Aquatics
ERNUR.KZ. Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді, деп жазады inform.kz.
Негізгі уақыт тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандық ойыншылар дәлдік танытып, қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп - 16:15. ҚР ҰОК мәліметінше, Ернар Тілекқабыл кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругваймен кездеседі.


