Федерацияның төрешілер алқасының құрамы үш жылдық мерзімге жасақталады.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан таеквондо федерациясының атқарушы комитетінің отырысы өтті, деп жазады baq.kz.
Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан таеквондо федерациясының төрешілер алқасы бекітілді. Төрешілер алқасының төрағасы болып Нұрлан Қалтаев, ал Адай Марғұлан мен Ғани Ибраимов алқа мүшелері болып тағайындалды.
Айта кетерлігі, федерацияның төрешілер алқасының құрамы үш жылдық мерзімге жасақталады. Төраға жыл сайын Басқарма мүшелері арасында ротация бойынша сайланады.
Айта кетерлігі, федерацияның төрешілер алқасының құрамы үш жылдық мерзімге жасақталады. Төраға жыл сайын Басқарма мүшелері арасында ротация бойынша сайланады.