Өкінішке қарай, Қазақстан атынан сынға түскен Сергей Пономарев іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.
ERNUR.KZ. Қазақстан Токио Олимпиадасының соңғы күнінде жарысқа шықпайды, деп жазады Tengrinews.kz.
8 тамызда жарысқа шығуы мүмкін спортшы спринтер Сергей Пономарев еді. Алайда ол кейрин жарысының ширек финалына шыға алмады. Осылайша, ертең қазақстандықтар үшін Олимпиадада жарыс жоқ.
Дегенмен бүгін ел қоржынын тағы бірнеше медальға толуы мүмкін. Қазақстандық каратэші Софья Берульцева жартылай финалға жолдама алған, демек, ел қоржынына кем дегенде қола жүлде түседі.
Сондай-ақ, бүгін балуан Дәулет Ниязбеков жұбаныш жекпе-жегін өткізеді, ол қола медаль үшін тартысқа түседі.