Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

0
747

Бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты еді.


Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

ERNUR.KZ. Қазақстанның 16 жасқа дейінгілер арасында қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді, деп жазады inform.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты еді.

Қазақстандықтар алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Бастапқы матчта Аргентина құрамасын 2:1 есебімен ұтқанымен, Бразилия мен Ұлыбританияға жол берді. Қосымша жарыста Қазақстан құрамасы Алжирді айқын басымдылықпен тізе бүктірді – 3:0. Содан кейін Колумбия мен Латвияны 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Марат Шәріповтің шәкірттері әлемнің үздік 16 командасының арасынан 9-орынға табан тіреді.

Дүниежүзілік додада ел намысын Полина Слепцова, Анастасия Крымкова және Іңкәр Дүйсебай қорғады. Команда капитаны Марат Шәріпов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Диас Досқараевтың ел құрамасы сапында ойнау үшін толық дайын болуы керектігі туралы айтқанын жазған едік.