​Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядағы турнирді сәтті бастады

0
101

Отандастарымыз Біріккен Араб әмірлігі (БАӘ), Шотландия және Исландия ұжымдарымен шеберлік байқасады.


​Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядағы турнирді сәтті бастады
Фото: Қазақстан футбол федерациясы


ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтіп жатқан «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирін жеңіспен бастады, деп жазады жinform.kz.

Отандастарымыз Біріккен Араб әмірлігі (БАӘ), Шотландия және Исландия ұжымдарымен шеберлік байқасады.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойында БАӘ құрамасын 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Ел құрамасынан Әбіш Мұхаммедәли екі гол соқса, Исмаил Бекболат, Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик бір-бір голдың авторы атанды.
Бұл топта словениялық футболшылар Шотландияны 3:2 есебімен жеңді.
Сондай-ақ аталған турнирге Әзербайжан, Польша, Фарер аралдары және Словения құрамалары ойын көрсетеді.
Оқу-жаттығу жиыны 30 тамызда Алматыдағы «Қайрат» академиясының базасында басталды. Команданың аға бапкері Кирилл Кекер шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады.
Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Дарын Оспанов («Ақтөбе»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»);
Жартылай қорғаушылар: Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик, Мұхамедәли Әбіш (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»);
Шабуылшылар: Карим Махаметжан, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Арсен Ахметов («Астана»), Бақдәулет Нұралы («Ордабасы»).