Қазақстанда әлемдегі ең үздік VAR жүйесі енгізіледі

0
93

Жобаны енгізу шығындары ФИФА қаражаты есебінен қаржыландырылады.


Қазақстанда әлемдегі ең үздік VAR жүйесі енгізіледі

ERNUR.KZ. Елімізде Hawk-Eye VAR жүйесін енгізілмек. Бұл футбол матчтарында төрешілерге даулы сәттерді бейнеқайталау арқылы дәл әрі әділ шешуге көмектесетін ең сенімді жүйелердің бірі, деп жазады inbusiness.kz.

Hawk-Eye VAR жүйесі бүгінде әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, сондай-ақ Англия Премьер-лигасы мен Италияның Серия A сияқты жетекші футбол лигаларында кеңінен қолданылады.

Келіссөздер нәтижесінде жобаның құны оңтайландырылып, бастапқы ұсыныстармен салыстырғанда 1,1 миллион АҚШ долларынан астам қаражат үнемделді.

Жоба аясында VAR технологиясы ФИФА мен УЕФА талаптарына толық сай орнатылады. Матчтарда офсайдты анықтауға арналған нақты сызықтар қолданылып, барлық қажетті техникалық жабдықтар іске қосылады. Сонымен қатар VAR жүйесінде жұмыс істейтін төрешілер мен мамандар арнайы оқытудан өтеді.

Бұл жүйе Қазақстандағы төрешілік сапасын арттырып, футбол матчтарының әділ әрі сапалы өтуіне мүмкіндік береді.