Әлем кубогының барлық кезеңінің нақты өтетін уақыты кейінірек жарияланады.
Сурет: olympic.kz
ERNUR.KZ. Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогының кезеңдері өтетін қалалар жарияланды, деп жазады zakon.kz.
Бірінші кезең Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады.
Ал соңғы, үшінші кезеңді Астана қаласы қабылдайды. Қазақстан мұндай ірі турнирді алғаш рет өткізгелі отыр.
Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады.
Әлем кубогының барлық кезеңінің нақты өтетін уақыты кейінірек жарияланады.