Қазақстандық балуан Польшадағы турнирде күміс медаль еншіледі

0
154

Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.


Қазақстандық балуан Польшадағы турнирде күміс медаль еншіледі

Фото: ҰОК

ERNUR.KZ. Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына дейін жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды.

"Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты. Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.