Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

0
1 870

Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлады.


Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

© Минтуризма и спорта Казахстана

ERNUR.KZ. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын медаль иеленді, деп жазады sputnik.kz.
Жарыс Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатыр.

"Еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бақдәулет Ағабек финалда Үндістан өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен техникалық басымдық арқылы мерзімінен бұрын жеңіп, әлем чемпионы атанды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медальды 28 шілде күні грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дияр Аманәлі салды. Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Дияр Аманәлі Венгрия өкілі Кеве Ковачпен кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. UWW ережесіне сәйкес, алғашқы нәтижелі әдісті орындаған қазақстандық балуанға жеңіс берілді.
Осылайша, Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек әлем чемпионатының жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, Қазақстан құрамасына 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының екі алтын медалін сыйлады.