Қазақстандық балуандар Тиранадағы рейтингтік турнирде алтын медаль жеңіп алды

0
123

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан рейтингтік турнирге 29 елден 177 спортшы қатысуда.


Қазақстандық балуандар Тиранадағы рейтингтік турнирде алтын медаль жеңіп алды

фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы жарыста жарқын нәтижелер көрсетті, әйелдер мен ерлер күресшілері 2 алтын және 3 қола медаль иеленді, деп жазады inbusiness.kz.

Әйелдер күресінен -50 келі салмақта Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын жеңіп, жартылай финалда үндістандық балуанды жеңді. Финалда ол Үндістан өкілі Приянши Праджапатты 13:2 есебімен ұтып, алтын медальға қол жеткізді.

55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда үндістандық, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвасты жеңді. Финалда украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізген Алмағанбетова 3:2 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Ерлер арасында еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жартылай финалда грек спортшысы Георгиос Куюмцидиске жол берді. Алайда қола медаль үшін белдесуде түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовты жеңіп, үздік үштікке енді.

92 келі салмақта Азамат Дәулетбеков, ал 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан ел намысын қорғады. Айтмұхан 3-орын үшін белдесуде үндістандық Джойнти Кумарды небәрі 23 секундта 10:0 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды. Дәулетбеков қола медаль үшін өткен кездесуде тағы бір қазақстандық балуан Камиль Куруглиевті 4:0 есебімен жеңді.